Петропавлдық құтқарушылар 4 жасар балаға көмек көрсетті

Петропавлдық құтқарушылар 4 жасар балаға көмек көрсетті

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшілеріне 29 наурызда сағат 17:35-те қоңырау түсті. Орындыққа қысылып қалған баласының саусақтарын босату керек деп уайымдаған ата-ана шұғыл көмек көрсетуді сұрады.

Петропавл қаласы Володарский көшесі бойындағы 9 қабатты пәтерлердің біріне келгеннен кейін құтқарушылар ерекше жағдайға тап болды-2019 жылы туған балада сол қолының екі саусағы орындықтың тесіктеріне қысылып қалған. Ата-ана «қақпаннан» баланың саусақтарын өздігінен алуға тырысқан, бірақ нәтиже болмады. Саусақ айтарлықтай ісініп кеткен, бала ауырсынып, қорқыныштан қатты жылай түскен. Үмітсіз ата-ана «112» нөміріне қоңырау шалып,  көмекке құтқарушылар келіп жеткен.

«Жұмыс 15 минутты алды және оңайға соқпады...  саусақты арнайы құралдарсыз шығару нәтиже бермеді. Әрқайсымыздың өз міндетіміз болды-біреуміз баланы сабыр сақтауға шақырып, екіншіміз оның қолын ұстадық, ал үшіншіміз темір арамен және сым кескіштермен жұмыс жасады. Пластмасса қатты болды, сондықтан көпке созылды– біздің, ата-ананың, әжесінің, үлкен ағасының қуанышына орай бәрі жақсы аяқталды. Қатты уайымға салынған олар бізге шын жүректен алғыс айтты», - деп түсіндірді құтқару бөлімшесінің басшысы Саян Ғалымжанов. 

«Операция» аяқталғаннан кейін кішкентай Иманәлі оған қажетті көмек көрсеткен дәрігерлердің қамқор қолына берілді

 

СҚО ТЖ департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы