Атырауда қамыстың кезекті өртенуін сөндіріп жатыр

Атырауда қамыстың кезекті өртенуін сөндіріп жатыр

2 сәуір күні сағат 09:12 шамасында Атырау қаласы, Дамбы ауылынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыстың жанып жатқаны анықталды.

Бүгінгі күні жанған қамыстың жалпы аумағы 89,5 га құрап отыр. Кеше ауданы 82,5 га жану Төтенше жағдайлар департаментінің және «Ақжайық» МТР қызметкерлерінің күштерімен сөндірілді.

Желдің екпінінің қатты болуына және жердің батпақты болуына байланысты автокөліктерге жол жоқ болғандықтан қамыс өртін сөндіру жұмыстары қиындық тудырғанын атап өткен жөн.

Бүгін сағат 8.30-да ТЖД күштері мен құралдары өрттің басына жетті.

Қазіргі уақытта қамыс өртін сөндіруге ТЖД 40 қызметкеір, 7 бірлік техникасы, Атырау облысы ТЖД 3 мотопомпасы, «АқЖайық» МТР резерватынан 30 адам, 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Азаматтық қорғау туралы Заңға сәйкес Өртке қарсы қызметі жоқ дала алқаптарында өрттерді сөндіруді жергілікті атқарушы орган, ал орман алқаптарында орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратынын атап өту қажет. Сонымен қатар ТЖМ бөлімшелері барлық шақыруларға шығып, өртті сөндіруге көмек көрсетеді.

Облыс аумағындағы өрт оқиғаларының басым көпшілігі көктем мен күз мезгілдерінде орын алады, бұл тұрғындардың табиғат аясына шығуларына және аңшылық маусымның кезеңіне тікелей байланысты деп болжамдаймыз. Бұның себебі аңшылар немесе демалысқа шыққан қала тұрғындарының, қонақтарының табиғатта қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауында.

Бүгінгі күні өңірді өрттен қорғауды 13 өрт сөндіру бөлімі жүзеге асырады. Сонымен қатар қосымша, Атырау қаласында өрт сөндіру бөлімін ашу жоспарлануда.

Өрт қауіпті маусымда Департамент қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция, және орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдерімен құрылған мобильдік топтармен азаматтардың демалыс орындарында жүйелі негізде профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Ірі өрттерді сөндіру кезінде өзара іс-қимыл мәселелерін шешу үшін мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер тиісті нұсқаулықтар әзірлеп, бекітті. Сонымен қатар, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерімен өзара іс-қимыл мәселелерін нығайту мақсатында, қала, аудан әкімдері өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін және күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарларын бекітті.

Коммуналдық және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерімен бірлесіп жыл сайын өрт-тактикалық оқу жаттығулар өткізіледі.

Пресс-служба ДЧС Атырауской области