Түркістан облысының өрт сөндірушілері өрттен 50 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады

Түркістан облысының өрт сөндірушілері өрттен 50 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады

2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентау қаласындағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер  өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.

Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 

Өрт сағат 22.11-де оқшауланып, сағат 22.30-да сөндірілді.

Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда.

Түркістан облысы ТЖД азаматтардан мына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:

- ашық отты қолданбаңыздар;

- балкондарда жанғыш материалдарды, ескі жиһаздарды, макулатураларды және отқа себепкер болатын басқа заттарды сақтамау керек;

- пәтерден шыққан кезде әрқашан балкондардың терезелері мен есіктерін жабыңыз, оларға кішкентай  балалардың кіруін шектеңіздер;

- балконда алғашқы өрт сөндіру құралдарын сақтаңыздар;

- мүмкіндігінше балкондар мен лоджияларды каптап тастаңыз, терезелерді ашық қараусыз қалдырмаңыздар;

- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылдарын тастамаңыздар.

 Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өртті болдырмауға мүмкіндік береді.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыздар.

 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі