Өскемендегі өрт сөндірушілер өрт кезінде 10 тұрғынды эвакуациялап, қарт әйелді құтқарды

Өскемендегі өрт сөндірушілер өрт кезінде 10 тұрғынды эвакуациялап, қарт әйелді құтқарды

2023жылғы 31 наурызда Өскеменде Астана көшесінде бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Үшінші қабаттағы пәтер отқа оранды. Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД қызметкерлері келіп жетті. Жанып жатқан пәтерде ешкім болған жоқ. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны кіреберісте барлау жүргізу кезінде қарт әйелді тауып алды. ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағы бастығының көмекшісі Нұртас Нұрсейітов қарт әйелге үйден шығуға көмектесті. Бір уақытта үйдің пәтерлерінен өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуациялап, оларды жылы "Вахта" автокөлігіне орналастырды.

Пәтерде, зал бөлмесінде жиһаз, жеке заттар жанған, сонымен қатар балкон мен көршілердің балконын ішінара жайылған. Құтқарушылардың жедел іс-қимылымен жалпы ауданы 33 шаршы метр өрт сөндірді.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 15 адам және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрт себебі бойынша  темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.

ШҚО ТЖД азаматтардан мына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:

- ашық отты қолданбаңыз

- балкондарды жанғыш материалдармен, ескі жиһаздармен, макулатуралармен және отқа себепкер бола алатын басқа заттармен қаптамау керек

- пәтерден шыққан кезде әрқашан балкондардың терезелері мен есіктерін жабыңыз, оларға кішкене  балалардың кіруін шектеңіз

- балконда алғашқы өрт сөндіру құралдарын сақтаңыз

- мүмкіндігінше балкондар мен лоджияларды каптап тастаңыз, терезелерді ашық қараусыз қалдырмаңыз

- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылдарын тастамаңыз.

 Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өртті болдырмауға мүмкіндік береді.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі