Қарғалы өзеніндегі судың деңгейі төмендеді

Қарғалы өзеніндегі судың деңгейі төмендеді

Ақтөбе қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Бүгінгі таңда бау-бақша ұжымдарының ауданындағы Қарғалы өзенінің су деңгейі бұрынғы деңгейден 83 см-ге төмендеді.

Қазіргі уақытта Қарғалы, Нефтяник, Солнышко бау-бақша ұжымдарында Ақтөбе облысы ТЖД күштері мен құралдары саяжай учаскелерінен алдын ала 116 адамды, оның ішінде 48 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оқиға орнындағы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдардың, құтқару бөлімшелерінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Полиция органдары қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырды.

Бау-бақша ұжымдарының су басқан учаскелерінде ТЖД күштерімен тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін гидробекеттер орнатылды.

Еске сала кетейік, 30 наурыз күні Қарғалы өзенінің деңгейінің жоғарылауына байланысты бау-бақша ұжымдарында 32 саяжай учаскелері су астында қалған болатын.

        

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі