Халықаралық ынтымақтастық және азаматтық қорғаныс жүйесін цифрландыру

Халықаралық ынтымақтастық және азаматтық қорғаныс жүйесін цифрландыру

Бүгінгі таңда Қазақстан халқын дүлей зілзалалардан қорғау үшін шетелдік және отандық өндірушілердің геоақпараттық технологиялар платформаларында дүлей зілзалаларды ерте болжау, оларға жедел ден қою жүйесін цифрлық трансформациялау жүргізілуде.

ТЖМ құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметтік жұмысын цифрландыруға көп көңіл бөлінді. Жұмыс процесін автоматтандыру ТЖ-ға жедел ден қоюға, ТЖ мониторинг жүргізуге, болжау мен модельдеуді жүзеге асыруға аз уақыт шығындап басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Мәселен, пилоттық режимде «ДЖБО-ның жедел ақпараты» модулі «АЖО диспетчері» веб-бағдарламасы енгізілді, оны еліміз бойынша ТЖМ бөлімшелері толтырады. Ол ел аумағында ТЖ туралы жалпы жедел ақпаратты, сондай-ақ тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асыратын күштер мен құралдар бойынша саптық жазбаны автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Төтенше жағдайлардың алдын алуға, болжауға және мониторинг жүргізуге байланысты міндеттердің кең спектрін орындау үшін ТЖМ жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде mchs.gharysh.kz порталының геоақпараттық жүйесінің функционалын пайдаланады. Оны «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ әзірлеген. Онда ТЖМ жедел штабы үшін мәліметтер шығарумен картографиялық ақпарат көрсетіледі.

Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларын автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында ТЖМ «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторымен бірлесіп мемлекеттік органның нысаналы архитектурасы әзірленді.

ТЖМ архитектурасы «электрондық үкіметтің» даму трендтерімен келісілген 5 жылдық кезеңге арналған ұзақ мерзімді АТ-стратегиясын айқындайды.

ТЖМ ақпараттандырудың басым бағыттарының бірі ТЖМ бақылау-қадағалау қызметін автоматтандыру мен төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық және басқарушы жүйесін құру жолы арқылы азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізудің тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық өнімдерді құру болып табылады.

Соңғы уақытта смартфондарға орнатылған мобильді қосымшалар халық арасында кеңінен қолданылуда.

ТЖМ осы заманауи трендтерді ескере отырып жұмыс істейді және өз жұмысында 4 жыл бойы «Darmen» мобильді қосымшасын белсенді қолданады.

Қосымшада ТЖД тарататын трассалардың ашылуы/жабылуы, мектептердегі сабақтардың болмауы, дауылды ескертулер және т. б. туралы хабарламаларды жедел алуға мүмкіндік беретін халықты құлақтандырудың тегін сервисі бар.

 «Азаматтық қорғаныс» қосымшасы Darmen-ге интеграцияланған, енді ол қысқа және түсінікті жадынамалар мен нұсқаулар түрінде азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ережелерімен танысуға мүмкіндік береді.

Мәселен, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, жер сілкіністерін ерте хабарлау және мұздақ көлдер мен селдің жылжуының жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйелеріне қосу жоспарлануда.

Қауіп туындаған жағдайда, Алматы қаласының айналасында орнатылған датчиктерден тікелей Darmen арқылы халық үшін жедел хабарламалар жіберілетін болады.

Мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар тек сыртқы пайдаланушылар үшін ғана емес, сонымен қатар ТЖМ мамандарының өздері үшін де әзірленетінін атап өткен жөн. Бұл қосымшалар оларға қағаз форматындағы көлемді анықтамалықтарды пайдаланбай, ТЖ аймағында мүмкін болатын жағдайдың барлық есептеулерін жедел жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мобильді қосымшаларға негізделген басқа да ақпараттық платформалар қолданылады (2ГИС, SmartQyzylorda), оларға эвакуациялық пункттердің орналасуы және басқа технологиялар интеграцияланған.

Сонымен қатар, елде автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл жедел қызметтердің әрекет ету уақытын азайтуға және құтқару іс-шараларының нәтижелілігін арттыруға бағытталған «Эвако» жол-көлік оқиғалары туралы шұғыл қызметтерді ақпараттандырудың автоматты жүйесі енгізілуде (GPS/ГЛОНАСС, UMTS/GSM технологиялары негізінде).

Мұндай күрделі ортаның қауіп-қатерлеріне мониторинг жүргзу және бағалау дәстүрлі болжамдар мен бақылауға жауап бермейтін бірнеше белгісіз теңдеу болып табылады. Болжамды деректерді жедел есептеу оларға арнайы бағдарламалық өнім орнатылған электрондық есептеу машиналарының көмегімен мүмкін болады.

Бүгінде қазақстандық ғалымдар ғылыми-техникалық инновациялық зерттеулер жүргізіп, қауіп-қатерлерді шынайы бағалау үшін түрлі құралдарды іздестіруде, әзірлеуде және енгізуде.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті