Балықшы құтқарылды

Балықшы құтқарылды

2023 жылғы 30 наурызда сағат 12:01-де 112 пультіне Павлодар қаласында Ертіс өзенінде балықшы мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Осы уақытта өтіп бара жатқан екі ер адам көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп қалған. Олардың бірі "Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері болып шықты.

Азаматтық қорғау қызметкері  С.Н.Маймаков дереу 112 құтқару қызметіне қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлады. Содан кейін екеуі жол бойынан ұзын таяқ тауып алып, қиындыққа тап болған адамға қарай жүгіріп барып, құтқарушылар келгенге дейін батып бара жатқан балықшыны ұстап тұрған. Оқиға орнына келген құтқарушылар құтқару тақташасы мен құтқару құрылғыларының көмегімен балықшыны жағаға шығарып алып, көмек көрсету үшін келген медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Құтқарушылар мұзға шықпауға, әсіресе көктем мезгілінде өз өмірлерін тәуекелге тікпеуге кеңес береді.  

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі