28237 әскери бөлімінде еріктілермен өртке қарсы іс-қимылдар пысықталды

28237 әскери бөлімінде еріктілермен өртке қарсы іс-қимылдар пысықталды

Жамбыл ауданындағы ауа райының күрт жылынып, көктемнің ерте шығуына байланысты өрт қауіптілік кезеңі жағдайы туындауда. Қазіргі таңда даладағы құрғақ шөптердің жану оқиғалары да тіркелуде. Осыған орай 2023 жылғы 29 наурызда 28237 әскери бөлімінің оқу орталығының аумағында Жамбыл ауданындағы елді мекендердегі «Ерікті өрт сөндіру жасақтары» мен өрт сөндіру бекеттерінің, сондай-ақ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен № 4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіру жаттығуларын пысықтау бойынша бірлескен оқу-жаттығу өткізді.

Іс-шара барысында арнайы өрт ошақтары қойылып, оны сөндіру бойынша тәжірибелік іс-қимылдар көрсетілді. Аталған оқу-жаттығудың мақсаты - дала, тау өрттерін сөндіру кезіндегі іс-қимыл әрекеттерін айқындау, өрт сөндіру құрал-саймандарын (шартылдақтар, мотопомпалар, жанар-жағармайлар, су бүркегіштер, соқа тіркелген тракторлар) әзірлігін тексеру болды.

Іс-шараға Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары А. Туматаев пен Жамбыл аудандық Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Е. Жагипаров қатысып, еріктілерге өрт қауіпсіздігі бойынша сақталатын ережелер мен талаптарды жеткізді.

Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар гарнизоны қызметкерлерінен 11 адам, 2 бірлік техника, ерікті өрт сөндіру жасақтарынан 50 адам және 28237 әскери бөлімінен 20 әскери қызметші жұмылдырылды.

Өрт қауіпсіздігін сақтау баршаға міндет.

 

 

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі