Ер адам әйелді және оның 9 айлық баласын өрттен құтқарды

Ер адам әйелді және оның 9 айлық баласын өрттен құтқарды

2023 жылғы 29 наурызда сағат 17:51-де №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  пультіне Екібастұз қаласы, Лихачев көшесі, 50 мекенжайы бойынша үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін аталмыш мекенжайдың жанынан өтіп бара жатқан 1984 жылы туған азамат Баранов Павел Александрович тұрғын үйдегі өртті байқап қалып, от шарпыған үйдегі адамдарға көмек беруге кіріседі. Осылайша бір әйел мен оның 9 айлық баласының өмірін сақтап қалды. Павел өз әрекетін батырлық деп санамайды. Қазіргі уақытта нәресте палатаға ауыстырылды, ал әйел реанимацияда жатыр.

Өрттің себебі- электр сымының қысқа тұйықталуы.

Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы