Қарағандыда моншада шыққан өрт сөндірілді

Қарағандыда моншада шыққан өрт сөндірілді

30 наурыз күні сағат 12:08-де Қарағанды қаласында Мұқанов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Екі қабатты Қарқаралы монша кешенінің ғимаратындағы бу бөлмелері 60 шаршы метр аумақта өртке оранды.

Қабылданған шаралармен өрт Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен сағат 12:59-да жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖД күштері келгенге дейін әкімшілік 10 адамды эвакуациялады.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Қарағанды облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі