Пештегі жарықтар жазатайым оқиғаға себеп болды

Пештегі жарықтар жазатайым оқиғаға себеп болды

2023 жылғы 28 наурызда Глубокое ауданының, Глубокое кенті, 2-ші Кірпіш көшесінде жеке тұрғын үйде көміртегі тотығымен уланып, 1998 жылы туған үйдің қожайыны және оның балалары: 2018 жылы туған қызы және 2020 жылы туған ұлы медициналық мекемеге жатқызылды. ШҚО ТЖД мамандары болған оқиғаның мән-жайын анықтады - бұл жағдай үй иелері 2023 жылдың қаңтарында  құтқарушылар алдын ала жүргізген профилактикалық рейдт кезінде берген ұсыныстар мен нұсқаулықтарға қарамастан, жарықтары бар пешті пайдаланудың салдарынан орын алды.

ШҚО ТЖД құтқарушылары көміртегі тотығымен улану мен тұрғын үйдегі өрттің алдын алу үшін ағымдағы жылдың басынан бері 36 000-нан астам тұрғын үйді аралап, күн сайын өңірде 68 000-ға жуық тұрғынға нұсқау таратты. Айта кету керек, үйлерде жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарына мұржаларды уақтылы тазаламау, пештерде жарықтардың болуы, желдетудің нашарлығы жатады.


ШҚО ТЖД халыққа пешті сауатты, ең бастысы қауіпсіз пайдалануды ұсынады:
Тазалау 3 айда кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс.


Өлшемі кемінде 50-ден 70 см-ге дейін металл (пешке дейінгі) тақташа орнатылуы тиіс.
Пешті жылыту кезінде рұқсат етілмейді:
  1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды балаларға қадағалауды тапсыруға;
 2) қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
 3) пештерді қыздыруға;
 4) пеш пен түтін мұржаларының бетінен 0,5 м кем қашықтықта жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) кептіруге;
 5) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды пайдалануға;
6) желдету және газ құдықтарын түтін мұржалары ретінде пайдалануға;
 7) ақаулары мен жарықтары бар пештерді пайдалануға.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі