Атбасар ауданында жолдарды еріген қар суының шаю қаупі жойылды

Атбасар ауданында жолдарды еріген қар суының шаю қаупі жойылды

2023 жылғы 28 наурызда шамамен 18 сағат 30 минутта еріген судың ағуы нәтижесінде Лука Белаж көшесінде судың толып кетуіне байланысты А. Островский және М.Әуезов көшелерімен аққан болатын.

Ақмола облысы ТЖ департаменті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қабылданған жедел шаралары арқасында аталған учаскеде инертті материалдар, сондай-ақ қапшықтар төселді. ТЖ департаменті жеке құрамынан 25 адам, екі бірлік су сору техникасы жұмылдырылды, жергілікті атқарушы органдар инертті материалдар мен үйінділерді әкелу бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта қауіп жойылды. Су басу қаупі жоқ.

 

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі