
Өскеменде Буров көшесінде абайсызда автокөлік салонының есігі жабылып қалған. Автокөліктің ішінде қалған баланың ата-анасы тез әрекет етіп үлгермегендіктен, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын көмекке шақырды. Әкесі ТЖ қызметкерлері келгенге дейін көліктің есігін жылжытуға тырысып көрген. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының келген қызметкерлері құралдардың көмегімен есіктің орталық құлпына жетіп, көлік құралын ашты. ТЖ қызметінің мамандары атап өткендей, бір жарым жастағы бала құтқару операциясын жүргізу кезінде өзін тыныш ұстап, үрейге бой алдырмаған.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Қырағылық танытыңыздар, балаларды бір минутқа қараусыз, әсіресе автомобиль салонында қалдырмаңыздар.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыздар.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі