28 наурыз күні Ақтоғай ауданы Караменде би ауылдық округінде Қуаныш өзеніндегі 2 учаскеде жару жұмыстары жүргізілді. Мұзды ұсақтау жалпы ауданы 400 шаршы метрде жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген қар суы мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы облыс өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары Бұқар жырау, Осакаров, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын 17 учаскеде жүргізілді.
Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!
Балаларды ересектердің бақылауынсыз өзендерге жібермеңіз. Өзен немесе көл жарылған кезде мұз үстінде болу қаупі туралы ескертіңіз. Сондай-ақ су қоймаларының маңында мал жаюды шектеу ұсынылады.
Мұздың астына түсіп кету мен мұздың бөлшектену қаупі бар.
Автокөлікпен мұзға шықпаңыз.
Көктемгі су тасқыны мен мұздың жүруі кезінде абай болыңыз.
Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі