СҚО-ғы су тасқынына дайындық: Айыртау және Ғ. Мүсірепов аудандарында жару жұмыстары ұйымдастырылды

СҚО-ғы су тасқынына дайындық: Айыртау және Ғ. Мүсірепов аудандарында жару жұмыстары ұйымдастырылды

Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылғы су тасқыны жергілікті атқарушы органдардың, СҚО ТЖ департаментінің тұрақты бақылауында. Тасқын сулармен байланысты оқиғалардың болуының алдын алу мақсатында 27 наурызда Ғ. Мүсірепов ауданы аумағы арқылы өтетін 3 өзен учаскесінде жару жұмыстары жүргізілді. Күні бойы Аққанбұрлық өзенінде, Чистополье және Стерлитамак ауылдарының маңында және Раисовка ауылының жанындағы Шарық өзенінде бейбіт жарулар болды. Сол күні  Айыртау ауданындағы 3 учаскеде; Гусаковка ауылының маңында Бабық-Бұрлық өзенінде, Жақсы-Жалғызтау ауылының жанындағы Қарасу өзенінде және Имантау ауылының жанында Змейка және Осиновка өзендерінің арнасында жару жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, СҚО ТЖД және Көкшетау қаласынан мамандандырылған ұйым – «Көкше-БУР» ЖШС мұз кептелістерінің алдын алу және өзендер деңгейінің көтерілуі мақсатында жүргізді.

«Біз жарылғыш заттармен бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Біздің міндетіміз - су деңгейінің күрт көтерілуіне және кептеліске жол бермеу, бұл жақын маңдағы ауылдардың шеткі көшелерінің төмен орналасқан учаскелеріне қауіп төндіреді», - деп Ғ. Мүсірепов атындағы  аудан әкімінің орынбасары Ерлан Аманжолов түсіндірді.

«Бұл күні жару жұмыстары жалпы ауданы 2400 ш.м. ауданда жүргізілді. Біздің басты міндетіміз –  су тасқынын төтенше жағдайларсыз өткізу, тұрғындарды апат салдарларынан қорғау», - деп СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Рамиль Камалов түсіндірді.  

    СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы