Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт жойылды

Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт жойылды

2023 жылғы 27 наурызда сағат 18:40-та Жаңаөзен қаласында ұңғымаларын күрделі жөндеу бойынша қызметтер көрсететін мұнай-сервистік компаниясының аумағында 11 бірлік көлемінде бір тонналық пластикалық резервуарларда химиялық реагенттер жанды. Өрт салдарынан ауыр жүк көлігіне (трал) зақым келді. Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт кезінде химиялық реагенттер қауіпті газ тәрізді жану өнімдерінің (көміртегі тотығы (CO), азот оксиді (NOx), көмірқышқыл газы (CO2)) пайда болу қаупі болды, олар одан әрі бу-газ-ауа қоспаларының пайда болуымен үлкен аумақтарға жарылуы мен таралуына қауіп төндірді.

3-дәрежелі өртті жоюға жалпы 17 өрт сөндіру қызметінің қызметкері және 4 бірлік техникасы, сондай-ақ «Семсер - Өрт сөндіруші» АҚ және «Өрт сөндіру қызметі-М» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің 8 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру кезінде химиялық реагенттер конструкцияларына бір мезгілде салқындату жүргізілді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт сағат 19:13-те жойылды.

Өрттің себебі анықталуда.

Химиялық реагентті сөндіруге 2 ГПС-600 оқпаны берілді, көбікпен сөндіру жүргізілді.

 

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі