Адамды өрттен құтқарған боксшы мексикалық қарсыласын жеңді

Адамды өрттен құтқарған боксшы мексикалық қарсыласын жеңді

Бүгін Мексикадан жақсы жаңалық келді: Қазақстандық бірде бір рет жеңілмеген боксшы, Петропавлдық Евгений Павлов кәсіби рингте тоғызыншы жекпе-жекте жеңіске жетті.

Қиын шайқаста ол мексикалық Хуан Карлос Мирелесті жеңді. Жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Евгений WBA International белбеуінің иегері болып табылады және Сауль Канело Альвареспен бір залда жаттығады.

Айта кету керек, Евгенийдің бұдан басқа да марапаттары бар. 2022 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік күні қарсаңында СҚО ТЖД-да салтанатты түрде "Төтенше жағдайдағы ерігі үшін" төсбелгісімен марапатталған болатын.

24 қарашада Евгений Павлов Жұмысшы кентінде үйінде болған кезде, шамамен түнгі сағат бірде Хорват, 51 көшесіндегі көрші үйдің терезесінде жалынды көріп қалған. Ол жақын маңдағы "Газельге" жүгірңп барып, адамдардың назарын аудару үшін сингнализациясын қосқан. Содан кейін ол үйге қарай жүгіріп барып, алдыңғы есікті ашты.

Тыныс алу мүшелерін түтіннен қорғап, Евгений бөлменің ішкі қарама-қарсы қабырғасына жетіп барып, жанып жатқан үйден 71 жастағы ер адамды көшеге алып шығарды, содан кейін зардап шегушіні үйіне алып келген. Көп ұзамай өрт сөндірушілер келіп, өрт ошағын жойды.

ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин 23 жастағы Евгенийге лайықты марапатты тапсыра отырып, оның төтенше жағдайдағы кәсіби іс-әрекетін, батылдығы мен жанқиярлығын, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу қабілетін атап өтті.

ҚР ТЖМ ұжымы Евгенийді жеңісімен құттықтап, Отанының даңқы үшін одан әрі спортта табыстар тілейді. Біз оның алдағы уақытта да әлемдік аренада Қазақстан Республикасының мәртебесін лайықты етіп көрсететініне сенімдіміз! Ол рингте қандай адам болса, өмірде де сондай адам, яғни батыл, мақсат қоя білетін, ержүрек, қазақстандық жастар үшін лайықты үлгі болатын тұлға!!!

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі тобы