Көктемгі мұз өте қауіпті екендігін ШҚО ТЖД құтқарушылары ескертеді

Көктемгі мұз өте қауіпті екендігін ШҚО ТЖД құтқарушылары ескертеді

ШҚО ТЖД құтқарушылары көктемгі кезеңнің басталуымен қысқы су айдындарында қауіпсіздік шараларының алдын алуды жандандырды. Әдетте, алғашқы жылыну кезінде мұз бос және әлсіз болады, бірақ көптеген балықшыларды бұл жағдай тоқтатпайды, олар сүйікті хоббиі мен балық аулау үшін қауіпті мұзға шыға отырып, өздеріне қауір-қатер тудырады.
Қыста облыс құтқарушылары еріктілерді тарта отырып, 537 рейдтік іс-шара өткізді. Балықшыларға ережелер түсіндіріліп, үгіт-насихат жадынамалары табысталды. Балық аулауға рұқсат беру кезінде 44 балықшымен нұсқаулық өткізілді.
Рейдтер барысында ШҚО ТЖД қызметкерлері кез келген уақытта достардың бір-біріне көмекке келуі үшін қандай жағдай болмасын жалғыз балық аулауға бармау керектігін еске салады.Өзіңізбен бірге жеке құтқару құралдары болуы керек: шамамен 15 метрлік арқан, құтқару кеудешесі, ал көктемде құтқарушылардың ұсыныстарын назардан тыс қалдырмаған және мұзға мүлдем шықпаған дұрыс.
«Осы кезеңде мұз әсіресе қауіпті болады. Көктемның ерте жылымығы мұздың беріктігін төмендетеді. Кез келген уақытта аяқтың астындағы мұз ойылып кетуі мүмкін. Мұздың ыдырау процесі жағалауда тез жүреді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Құтқарушылар ата-аналарға балалармен қосымша әңгімелер жүргізуге кеңес беремін. Оларға сең жүру кезіндегі сақтық шараларын және көктемде су қоймалары балалар ойынына арналмаған орын екенін түсіндіріңіз.
ШҚО ТЖД көз алдында мұзда құлаған адамдар туралы дереу «112» телефоны арқылы хабарлауға шақырады. Адамды құтқару үшін қолда бар құралдарды қолдана аласыз: тақталар, белдіктер, шарфтар, шана, шаңғылар, бірақ оларды жәбірленушіге 3-4 метрден кем емес қашықтықта лақтыруыңыз керек – бұл қашықтықтан ойықтың шетіне жақындауға болмайды.

 


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі