Қазақстанда қар жамылғысының аумағы 29% құрайды

Қазақстанда қар жамылғысының аумағы 29% құрайды

ТЖМ өңірлердегі ықтимал су тасқыны жағдайын бағалау үшін Қазақстанның қар жамылғысының картасын пайдаланады. Картаны «Қазгидромет» РМК қар жамылғысының жедел ғарыштық мониторингінің деректері бойынша жасайды.

Картаны жасау кезінде Қазгидромет қар жамылғысының ауданын аймақтың жалпы аумағының пайызымен бағалайды, бұл қардың қай жерде белсенді еріп жатқанын бағалауға және еріген суынан елді мекендерді су басу қаупін анықтауға мүмкіндік береді.     

Сонымен қатар, картада көрсетілген өзен бассейндері мен ірі су қоймаларының су жинау алаңдары өзендердегі су шығынының ұлғаю процестері қай жерде және қашан басталатынын және олар арқылы еріген қар суының үлкен ағыны қаупі қайда төмендегенін бағалауға мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдай бойынша ел аумағының 29% қар басқан. Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының шағын таулы аумақтарында қар әлі де бар. Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында қар белсенді еріп жатыр.

 ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті