Қарағанды облысының жолдарында тағы бір құтқару операциясы жүргізілді

Қарағанды облысының жолдарында тағы бір құтқару операциясы жүргізілді

25 наурыз күні сағат 11:20-да Осакаров ауданында «Приишимское ауылы-Шоқай станциясы» жергілікті маңызы бар автожолында құтқару операциясы жүргізілді. Осакаровка кентінен 53 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. ТЖД күшімен автомобильдер жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Көліктерде барлығы 10 адам болды, медициналық көмек қажет болмады.

Қарағанды облысының ТЖД ауа-райы нашарлаған кезде алыс қашықтыққа сапарлардан бас тарту қажеттігін еске салады.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі