Қарағанды облысында құтқарушылар 30-ға жуық адамды қар құрсауынан эвакуациялады

Қарағанды облысында құтқарушылар 30-ға жуық адамды қар құрсауынан эвакуациялады

25 наурызға қараған түні Қарағанды ​​облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар «Приишимское ауылы - Шоқай кенті» тас жолдың бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған. Астана-Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған.

Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды,оның ішінде бір баланы Осакаровка ауылына эвакуациялады. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Қалғандары медициналық көмекті қажет етпеді.

Қарағанды облысының ТЖД ауа-райы нашарлаған кезде алыс қашықтыққа сапарлардан бас тарту қажеттігін еске салады.

 

         Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі