Қостанай облысында су айдындарында жарылыс жұмыстары аяқталды

Қостанай облысында су айдындарында жарылыс жұмыстары аяқталды

2023 жылдың 21 мен 23 наурызы аралығында Қарасу ауданында Түнтігүр және Құндыз өзендерінде, Науырзым ауданындағы Кирпичка және Заречка жасанды су қоймаларында, Әулиекөл ауданында Тоқтал өзенінде, Қамыстыдағы Пушкино ауылының маңында орналасқан Тобол өзені бойында және Бейімбет Майлин ауданындағы Аят өзені бойында кезекті жарылыс жұмыстары орын алды.

Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен «Normal work» ЖШС мен «БВР Строй» ЖШС жарылғыш заттар бригадаларынан құралған комиссия жарылыс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Жарылған мұздың жалпы көлемі 27 315 текше метрді құрады, жарылу орындарындағы мұз жамылғысының қалыңдығы 1 метрден аспады.

Жарылыс жұмыстарын ұйымдастыру жарылыс аумағы мен мұздың қалыңдығын ескере отырып, мұқият дайындықтан өтті. Жарылыстың нәтижелі болуы үшін мамандар ұңғымалар арасындағы қажетті қашықтықты және қажетті жарылғыш заттардың мөлшерін қамтамасыз етті.

Мұздың қопсытуы мұз айдынын айтарлықтай әлсіретіп, тасқын сулар кезеңінде өзендердегі кептелістердің мүмкіндігін барынша азайтуы мүмкін.

 

Қостанай облысы ТЖД

ТЖ алдын алу бөлімі