Юрий Ильин Алматы тау бөктерінде селді ұстайтын бөгеттің құрылысымен танысты

Юрий Ильин Алматы тау бөктерінде селді ұстайтын бөгеттің құрылысымен танысты

ТЖ министрі Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес Алматыға жоспарлы жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ТЖМ бөлімшелеріне тексеру жүргізді.

Жұмыс сапардың негізгі мақсаты Алматы үшін маңызды объект - Үлкен Алматы өзені бассейніндегі "Аюсай" селді ұстайтын бөгеттің бақылаудағы құрылыс барысын тексеру болды.

Бөгет салынып жатқан жерде "Қазселденқорғау" ММ басшысы Қайрат Бекенов министрге құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысы туралы баяндады. Жоба бойынша Аюсай селді ұстайтын бөгеттің биіктігі 41 - ден астам метр, селұстағыштың көлемі-2,3 млн.м3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаудың жоспарланған мерзімі-2023 жылғы сәуір.
Бүгінгі күні объектіде жұмыстар үзіліссіз жүргізілуде, жер, сондай-ақ торлы бөгеттерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде: су ағызатын орталық секция, оң жағалау тірегі, жоғары вольтті желі, автожол құрылысы. Сонымен қатар, бөгетті абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылғы 21 наурыздағы жағдай бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 89% - ға жүргізілді.
Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндері сел қаупінің бірінші санатына жататынын атап өткен жөн. Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде ғана 89 мұздық, 20 мұздақ-мұздық көл және Үлкен Алматы көлі (БАО) орналасқан.
"Ақсай" бөгетінің құрылысы сел тасқынынан болатын қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік береді және Алматы қаласының Бостандық, Алмалы аудандарының халқы мен объектілерін сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Алматы тау бөктеріндегі сапардың нәтижелері бойынша Юрий Ильин "Қазселденқорғау" ММ мен құрылыс ұйымына тапсырма берді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзіміне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Юрий Ильин қаланың өрт сөндіру бөлімдеріне барды. Министр қызмет өткерудің ұйымдастырылуын тексерді, жеке құраммен - кезекшіліктегі өрт сөндірушілермен әңгімелесті. Министр қызметкерлерге жалақыны өсіру, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, өрт сөндіру қызметтері мен авариялық-құтқару жұмыстарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Сонымен қатар Ю. Ильин 1989 жылғы 20 мамырда Алматыдағы теміржол тұйығында өрт сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі