ШҚО-да қар көшкіні түсірілді

ШҚО-да қар көшкіні түсірілді

"Қазселденқорғау" Шығыс Қазақстан филиалының мамандары "Ақсу-Талды" автожолының учаскесінде 2 жарылыс нәтижесінде 3000 текше метр қар түсірді.
"Біздің сарапшы-бақылаушылар көшкін қаупі туралы болжамдар негізінде жарылғыш заттардың көмегімен уақтылы профилактикалық қар түсіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл тиімді әдістердің бірі. ШҚО ТЖД қызметкерлері жарылғыш заттардың қауіпсіздігін, полиция қызметкерлері жұмыс жүргізу кезінде бұл жерге бөгде адамдардың кіруіне шектеу қояды", - деп "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев атап өтті.
Қыс мезгілінің басынан бастап қар көшкінінің 101 профилактикалық түсуі жүргізілді, жалпы көлемі 387060 м3 қар алдын ала түсірілді.

ШҚО ТЖД өңірде көшкін қаупі сақталатынын еске салып, осы кезеңде азаматтарға тауға бармауға кеңес береді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі