Су тасқыны кезеңінің өтуі туралы

Су тасқыны кезеңінің өтуі туралы

Бүгін 2023 жылғы 20 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде "Су тасқыны кезеңінің өтуі туралы" тақырыбында брифинг өткізілді.

Спикерлер болып Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Каһарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин сөз сөйледі.

Қалған қар қорын және алдағы күннің жылыну мерзімдері мен шамаларын болжауды ескере отырып, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында су тасқыны қаупі жоғары.

Су тасқыны кезеңіне дайындық кезінде әкімдіктер 213 елді мекеннен қауіп-қатерді алып тастауға және 550 мыңнан астам адам тұратын 580 елді мекен үшін барынша азайтуға мүмкіндік берген іс-шараларды іске асырды.

2023 жылдың басынан бастап өңірлерде 24 км-ден астам уақытша бөгендер және елді мекендердің айналасында 60 км-ге жуық біліктер тұрғызылды, 4 мың км каналдар мен 6 мың км арықтар, 15 мың автомобиль және 3 мыңнан астам темір жол су өткізгіш құрылыстары тазартылды. 260 мың тоннадан астам инертті материалдар, 15 мың тонна ЖЖМ және 1 млн астам қапшықтар дайындалды. Әкімдіктер тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі ниет шарттарын жасасты. 1 635 тонна азық-түлік, 1 700 шатыр, 49 мың төсек және 207 мыңнан астам төсек-орын жабдығын дайындалды.

Елді мекендерден 12,4 миллион текше метр қар шығарылды, 98 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Су тасқыны төтенше жағдайларының ықтимал жағымсыз салдарының алдын алу және азайту мақсатында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелерінің бөлімшелері жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындалу, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық шешімдерді пысықтау үшін 2-3 наурыз аралығында "Көктем" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері, орталық және жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық ұланның әскери бөлімдері және Қорғаныс министрлігі қатысты.

Оқу-жаттығулар су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша бірыңғай кешенді тапсырма форматында ұйымдастырылды.

Жұмыстарды жүргізу орындарында байланыс ұйымдастыру және жедел ақпарат беру үшін далалық лагерьлер мен уақытша эвакуациялық пункттер, жылжымалы басқару пункттері орналастырылды.

Барлық деңгейлерде ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың отырыстары өткізілді, онда көктемгі кезең жағдайында тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шаралар айқындалды.

Су тасқыны басталғаннан бері Түркістан, Павлодар, Абай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 162 тұрғын үй, 3 ғимаратты және 20 саяжай үйін еріген қар және жаңбыр суы басты.

Барлығы 957 адам эвакуацияланды,  5,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында 13 тұрғын үй су астында қалып отыр.

Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 8 учаскесін су шаюда.

Ақтөбе облысында 311адам уақытша эвакуациялау пункттерінде және туыстарының үйлеріне орналастырылды, 646 адам  өз үйлеріне оралды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы мен  5 ауданында және Ақтөбе облысының Қобда ауданында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар жарияланды.

14-20 наурыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 850 мыңнан астам  текше метр су сорылды, инертті материал салынған 63 000-ға жуық қап  төселді, 13 учаскеде су бұру үшін траншеялар қазылды, ұзындығы 3,6 км жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. 

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны күрделенген кезде Ресейдегі Жайық өзенінің жоғарғы ағысындағы гидрологиялық жағдайға байланысты Жайық өзенін қоспағанда, облыс өзендерінде өтті.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 3,5 мыңнан астам адам, 500 бірлік техника, 300 су сору және жүзу құралдары жұмылдырылды. 

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап дауылды ескерту туралы 5 397 СМС-хабарлама, "Дармен" мобильді қосымшасы арқылы 884 хабарлама жіберілді.

"Жедел желі" телефонына ақпараттық сипаттағы 350-ден астам қоңырау түсті. 

 Су тасқынының себептері су бұру арналарының, арықтардың, елді мекендердің айналасындағы қорғаныш үйінділерінің, зардап шеккен кенттердің ішіндегі арық-дренаж жүйесінің болмауы, сондай-ақ өзен арналарының толып кетуі мен шөгуі және су қорғау белдеулерінде үйлер салу болды.

Жалпы, су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуі жағдайына жедел ден қою үшін ЖАО, ТЖМ,ІІМ 35 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 700 жүзу құралы және 3 мыңнан астам су айдау құралдары көлемінде күштер мен құралдар топтамасы қалыптастырылды.

Күштер мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында Қазавиақұтқару әуе кемелері тұрақты дайындықта болады.

ТЖМ азаматтарды аулада жиналған қарды уақтылы шығаруға, көше бойындағы арықтарды тазартуға қатысуға шақырады.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі