2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық

2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық

Ағымдағы жылдың 17 наурызында Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Негізгі мәселе - су тасқынына дайындық.

Дайындық аясында қалалар мен аудандардың әкімдіктері 208 тонна ЖЖМ, 11 000 тонна инертті материалдар және 50 мыңнан астам дана қапшықтар дайындады. Елді мекендерден еріген қар суының тасқынын болдырмау үшін шамамен 1,0 млн.текше метр қар шығарылды. Су тасқыны кезеңінде зардап шеккен халықты жинайтын 161 пункт анықталды, олар 12 000 астам адамды қабылдай алады.

Отырыс спикері ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник А.Н. Орымбаевтың айтуынша, «Сары - Торғай, Қара-Торғай және Торғай өзендерін толтыру процесі әлі де жалғасуда, осыған байланысты өзендердің тасуы күтілуде. Өзендердің бойында орналасқан елді мекендер мен қыстақтарға қауіп төнуі мүмкін. Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап гидрометеорологиялық жағдайдың күрт нашарлауын және бірінші кезекте Қарасу, Әулиекөл, Науырзым, Сарыкөл аудандарында, ал кейіннен қалған өңірлерде су тасқыны ағындарының қалыптасуын күтеміз».

Ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб ашылды. Су тасқыны жағдайының асқынуы жағдайына облыста жалпы саны 2959 адам, 1078 бірлік техника, 108 бірлік жүзу құралдары, 267 бірлік мотопомпасы бар азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары топтамасы құрылды. Сонымен қатар, Қостанай қаласында су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жою бойынша міндеттерді жедел шешу үшін қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыз етілген Департаменттің күштері мен құралдарының 2 мобильдік тобы құрылып, тұрақты дайындықта тұр.

Отырыс барысында бірқатар өңірлер тыңдалып, аудандардағы проблемалық мәселелерге назар аударылды. Облыс әкімінің орынбасары А.Т. Әбенов отырыс қорытындысы бойынша елді мекендерді, автомобиль және темір жолдарды алдағы су тасқынына дайындауды ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі