Су тасқыны қаупі бар кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шаралар туралы брифинг өткізілді

Су тасқыны қаупі бар кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шаралар туралы брифинг өткізілді

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала аумағында су тасқыны жағдайы бойынша брифинг өткізілді. Бас спикер болып Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Жәнібек Кәрімбаев сөз сөйледі.

Өз баяндамасында бас спикер қала аумағындағы 10 гидротехникалық құрылыстың жағдайына тоқталып, тоғызы жарамды, бір гидротехникалық құрылыс (Ақжар су қоймасы) жөндеуді қажет ететіндігін атап өтті. Авариялық және иесіз гидротехникалық құрылыс  жоқтығын айтып,  су қоймаларын толуы 6-70%-ды құрайтындығын нақтылады. Қазіргі уақытта тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларында қорлар жеткілікті. Бадам, Сайрам-су, Қошқар - ата, Қара-су өзендердегі судың деңгейі ортадан төмен.

Казгидрометтің мәліметі бойынша наурыз айында жаңбыр нормадан көп (норма 19-98 мм) күтіледі деген болжам бар. Бұл дегеніміз осы мезгілде су басу жағдайлары күрделенуі мүмкін.

Су тасқыны кезеңінде халықты дер кезінде хабардар ету мақсатында Департамент СМС хабарламалар, цифрлық  26 теле және 3 радиоарналарды ұстап алу құралдары арқылы дауылды ескертулерді үнемі жариялап отырады (күніне 4 рет).

Қала аумағындағы су басу қауіпті аймақтарға тікұшақ арқылы әуеден шолу жұмыстары жүргізілді, аудандық әкімдіктерімен бірлесіп қауіпті су басу ықтимал учаскілерге жерүсті мониторинг жүргізді. Нәтижесінде қауіпті деп танылған учаскілердегі каналдарды, ирригациялық жүйелерді жиналған қоқыстан тазарту жүргізілді. Қала аумағында ұзындығы 56 шақырым құрайтын   12 канал қоқыстан тазаланды. Жалпы 339 ирригациялық жүйелері  тазаланды. Ағымдағы жылы қаңтар айында жалпы 5 ауданнан   63 мың текше метр қар қауіпсіз жерге шығарылды. Жалпы 5 ауданда су басу қаупі бар учаскілердің саны 30, оның ішінде 50 көше орналасқан.

Жағдай күрделенген кезінде Департамент және азаматтық қорғау мүшелерінің қызметтері күшейтілген түрге өткізіледі. Осы сәтте Департаменттің дағдарыс жағдайлар орталығында азаматтық қорғау мүшелерінің кезекшілік ететін штабы ұйымдастырылып, үйлестіру жұмыстары атқарылады.

Ақпан айында және 12 наурызда жауған жаңбырдың салдарын жоюға 100 астам бірлік техника, 400 астам жеке құрам және 78 мотопомпа жұмылдырып, орындарда 154 рет су сору жұмыстары жүргізілді. Жалпы 11 500 текше метр су шығарылып, 2000 дана құмдалған қап қойылды. Үйлерге су кіру фактілері тіркелген жоқ.

Жалпы 40 мың дана қапшықтар дайындалып, оның ішінен 5 ауданға 20 мың қап бөлінді. Бүгінгі таңда аудан әкімдіктері тарапынан жеткізілген құмды қаптау жұмыстары жүргізілді (11 000 дана қапталды). Дайындалған қаптар әр ауданның су басу қауіпті орындарға жақын жерге жиналды. Су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды жою үшін күш пен құралдар дайындыққа келтірілді: 160 адам, 17 бірлік әр түрлі мақсаттағы техника, 17 қайық, 38 дана мотопомпа.

 

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы