Көмек дер кезінде келді

Көмек дер кезінде келді

Екібастұз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдегі пәтердің жануы туралы сигнал алғаннан кейін 32 минут ішінде өрт сөндіруші – құтқарушылар өртті жойып, басқа пәтер иелерінің өміріне қауіп төндірмеді. Оқиға орнына келгенде үй заттарының, жиһаздың жануы, жоғары температурада пластикалық терезенің балқығаны анықталды. Улы түтін бүкіл кіреберіске тарады. Бірақ өрт сөндірушілер "Респиход" құтқару құрылғысын пайдалана отырып, баспалдақ маршымен жедел түрде 8 адамды, оның ішінде 2 кәмелетке толмаған баланы эвакуациялады. Бұл жағдайда құтқарылған адамдардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

Ал Павлодар қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында өрт шықты. Өрт сөндірушілер өртті тез арада жойды, қатты түтін салдарынан олар 14 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялауға мәжбүр болды. Өрт кезінде екі адам, соның ішінде өрт болған пәтердің иесі құтқарылды. Үй иесі өрт кезінде түтіннен уланып, көмек көрсету үшін дәрігерлерге табысталды.

Екі жағдайда да өрттің себебі- электр сымның қысқа түйықталуы.

 Павлодар облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы