Өскемендік өрт сөндірушілер бес жасар ер баланың арманын орындады

Өскемендік өрт сөндірушілер бес жасар ер баланың арманын орындады

Өскемен қаласының №8 өрт сөндіру бөліміне Алан Нұрлан деген баланың анасы хабарласты.

Туған күнінде баланың құтқарушыларда қонақта болғысы келетіндігін айтып, анасы бес жасар баласының арманын орындауды өтінді.

№8 ӨСБ-нің  өрт сөндірушілері Аланның тілегін жүзеге асырды. Өрт сөндірушілер балаға заманауи өрт-құтқару техникасын көрсетіп, қызмет атқарып жүрген қарауылмен және жұмыс талаптарымен таныстырды. Бала жауынгерлік киім-кешекті киіп көрді. Өзінің бала кезіндегі арманының орындалғанына өте қуанышты болды. 

 

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі