Жоғалған 7 адам Жаңаарқа ауданында табылды

Жоғалған 7 адам Жаңаарқа ауданында табылды

Бүгін Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күштері және құралдарымен жеті адамды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 наурызында мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, ауа-райына байланысты жолда адасып кеткен болатын.

Бұған дейін Ұлытау облысы ТЖД әлеуметтік желілерінде тұрғындарды қолайсыз ауа-райы жағдайлары туралы ескерту хабарландырулар таратқан болатын.

Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды.

Жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі