Ұлытау облысындағы су тасқынына қарсы шаралар

Ұлытау облысындағы су тасқынына қарсы шаралар

Ұлытау облысының барлық өңірлерінде күн сайын су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде.

Жаңаарқа кентінің Сейдімбек, Сары Тоқа және Байшолақ көшелерінде өткен демалыс күндері Жаңаарқа ауданының ТЖ бөлімі мен жергілікті атқарушы орган еріген қар суын сору бойынша жұмыстар жүргізді.

Қаражал қаласында Гацембиллер көшесі бойында еріген қар суын айдау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сәтбаев қаласында Момышұлы, Ұлытау көшелері, Ерден-Абай және Шаталюка-Ерден қиылыстары бойынша су сору жұмыстары жүргізілген.

Жезқазған қаласында Сайдалы Сарытоқа, Төлеубай Бөкейхан және Түсіпбеков көшелерінде қардың күрт еруіне байланысты, еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілген, бүгінгі күні тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Облыс аумағында еріген қар суын сору, қарды тазарту, су тасқыны қаупі бар учаскелерінде су өткізу құбырларының ойықтарын ашу, су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде.

Қатты жылыну мен қардың еруіне байланысты жолдарда балшық кептелісі басталды. Ұлытау облысының ТЖ департаменті алыс жолдарға шықпауға және көмекші құралдар жинауға кеңес береді.

Өткен демалыс күндері 112 пультіне 9 қоңырау түсті.

Облыс аумағында 1752 текше метр еріген су сорылды.

Облыс бойынша демалыс күндері жеке құрамның 31 адамы, 6 бірлік техника және 5 "Вариско" мотопомпасы жұмылдырылды.

Жұмыс жүргізілуде және Ұлытау облысы ТЖ департаментінің басшылығы мен жергілікті атқарушы органның қатаң бақылауында. Облыс өңірлерінде бүгінгі күні су басу қаупі жоқ.

Ұлытау облысының ТЖД су тасқыны қаупі төнген жағдайда келес талаптарды ескеру қажет екенін еске салады:

- төтенше жағдай туралы ақпаратты және іс-қимыл тәртібі туралы нұсқауларды мұқият тыңдау;

- сабыр сақтаңыз, көршілерге ескерту жасаңыз, мүгедектерге, балаларға және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз. Жергілікті атқарушы органдардан тұрғындарды эвакуациялау орнын біліп, оған дайындалыңыз;

- құжаттарды, киімдерді, қажетті заттарды, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын чемоданға салыңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакетте сақтаңыз;

- электро тоғының барлық тұтынушыларын электр желісінен ажыратыңыз, газды өшіріңіз;

- бағалы заттар мен азық-түлікті жоғарғы қабаттарға ауыстырыңыз немесе жоғарғы сөрелерге көтеріңіз;

- мүмкіндігінше өз округінде арық жүйесін е тазарту қажет.

Қар суы ерігеннен кейін жыртылған және құлаған электр сымдарынан, зақымдалған газ желілерінен сақ болу керек. Үйге кірер алдында оның құрылымы судың әсерінен босап қалмағанына көз жеткізу керек. Судан табылған тамақ өнімдерін тасқын судың өзі сияқты қолдануға болмайды.

Мұндай сабыр сақтаңыз және 112 құтқару телефонын есте сақтаңыз.

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі