СҚО ТЖД бастығы Ғ. Мүсірепов ауданының су тасқынына дайындығын тексерді

СҚО ТЖД бастығы Ғ. Мүсірепов ауданының су тасқынына дайындығын тексерді

2023 жылғы 13 наурыз Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Рамиль Камалов Ғ. Мүсірепов ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудан әкімі Серік Мұхамадиевпен бірлесіп, аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері Рузаевка, Сивковка және Чистополье ауылдарына барды. Шарық, Жембарақ, Ақан-Борлық өзендерінің арналары, жоғарыда аталған су айдындарына жақын орналасқан елді мекендердің шеткі көшелері және еріген қар суы басуы мүмкін жерлер қаралды. Рамиль Фаткулович қорғаныш үйінділерінің жай-күйін бағалады, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде одан әрі шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берді.

Департамент бастығы су тасқыны қаупін азайту үшін жергілікті атқарушы органдар жүргізетін 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша 2022 жылғы жазғы-күзгі кезеңдегі инженерлік жұмыстар жоспарының орындалу сапасын, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ТЖ алдын алуға және жоюға дайындығын тексерді. Рамиль Камалов бөлімшелері су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылған аудандық шұғыл ден қою жасағының дайындығын, жеке құрамның өзінің функционалдық міндеттерін білуін тексерді.

Департамент бастығы аудан әкімі Серік Мұхамадиевтің төрағалығымен өткен ТЖ комиссиясының отырыстарына қатысты. Аталған іс-шараға ауылдық округтердің әкімдері, азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары, ұйымдардың өкілдері қатысты. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалармен су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өтудің өзекті мәселелері талқыланды, осы бағыттағы жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Рамиль Камалов 2021-2022 жылдары аудан аумағында ТЖ және тұрғын үйлерді су басуға жол берілмегенін, адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау жүргізілмегенін, құрбандар мен зардап шеккендер болмағанын атап өтті. Алайда, ол болжамдарды ескере отырып, табиғаттың құбылыстарына толық қарулану үшін үнемі дайын болу керек екенін атап өтті.

Ол қазір облыста елді мекендерден тыс жерлерге қарды тазарту және шығару бойынша іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті: қазіргі уақытта 600 мың текше метрден астам қар шығарылды.

СҚО ТЖД баспасөз қызметі