Отарбаевтың командасы итті Есілдің мұз боп қатқан суынан шығарып алды

Отарбаевтың командасы итті Есілдің мұз боп қатқан суынан шығарып алды

10 наурыз күні түстен кейін 112 телефонына қоңырау келіп түсті, ол дереу СҚО ТЖ департаменті Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне жіберілді. Балыаулау ісін жақсы көретіндердің бірі, күн сайын Петропавл су торабы бөгетінің астындағы Есілдің мұзында балық аулау таяқшасымен отыруға дайын балықшы қоңырау шалды. Мазасыз ер адамның дауысы қарама-қарсы, қалың талдар мен үйеңкілермен толып кеткен өзен жағасының жанында ит суға түсіп кетіп, мұзға шығуға тырысып жатқанын хабарлады. Оның күші таусылып, көмекке зәру күйде болған…

Бір минуттан кейін Петропавл қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің орналасқан жерінен Айбол Отарбаев командасымен бірге "Газельмен" шықты. Жолда келе жатып, сол кездегі ақпаратты қолдана отырып, олар итті құтқару жоспарын талқылап, оны қандай жолмен және қандай құрал-жабдықпен жасауға болатынын ойластырды. Олардың иттерді құтқару тәжірибесі болды, бірақ ол біршама өзгеше жағдайда болған, яғни оларды Заречный жұмысшы ауылындағы құдықтардан шығаруға тура келген. Бірақ қыс иезгілінде болған бірінші жағдай …

"Біз келген соң бағдарлай отырып, төтенше жағдай орнына соқпақты жерлермен, терең қарды кешіп бардық.

400 метр жол жүрдік. Оң жақта, саяжайлардан алыс, тік жағадан итті көрдік. Ол мұздың шетіне шығуға тырысып жатты... Иттің суда ұзақ уақыт болғаны байқалды.

Оның жағдайы нашар болды", - деп Айбол бөлісті. Жан-жағына қарап, құтқарушылар іске кірісті. Шешініп алғаннан кейін Самат Ахметжанов абайлап мұзды суға түсті. Құтқару кеудешесі оны судың бетінде ұстап тұрды, ал Досым Жұманов, Айбол Отарбаев, Кәрім Байтуханов және Еділ Зикрин оны арқанның көмегімен сенімді сақтандырды. Адамды көрген бете, ит бар қалған күшін жинап, оған қарай жүзе жөнелді. Әдетте болатындай ол құтқарушылардың бетін жалауға тырысып, қуанышты дыбыстар шығарған жоқ.

"Ит қатты әлсіреп, дірілдеп тұрды. Олар оны шүберекке орап, көтеріп алып көлікке апарды. Онда ол жылынып, сәл дыбыс шығара бастады, екі рет құйрығын әрең бұлғады", - деп, Айбол күлімсіреп әңгімесін аяқтады.

Көп ұзамай "Газель" иттердің панасына жетті, онда ит қажетті көмек көрсеткен қызметкерлердің қолына берілді. Асыл тұқымды емес иттің өмірін сақтап қалу үшін осыншама денсаулыққа қауіп төндіру керек болды ма деген сұраққа құтқарушылар әзілдеп,  әңгімені басқа тақырыптарға аударып әкетті. Олар күліп, енді "өрмекші адам" Айбол Отарбаевтан басқа, оларда "акваман" Самат Ахметжанов бар деп әзілдеді. Егер осылай жалғаса берсе, бәрімізде Марвел әлемінің батырлары боламыз! Кейін олар жануарлар мен құстармен жұмыс істеу адамдармен жұмыс істегеннен әлдеқайда оңай екенін айтты. Оларды ренжітпейтінімізді және өздерін құтқарып жатқанымызды түсінгендей, қарсылық көрсетпейді... Жалпы алғанда, өз жұмыстарымызды істеп жатырмыз деп сенеді, қиын уақытта көмекке келеді.

Тарихқа үңілсеңіз, иттердің бейбіт өмірде және соғыс кезеңдерінде адамдардың өмірін сансыз рет құтқарғанына куә боласыз. Ал адам жақсылыққа жақсылықпен қайтара ма? Күмән тудырады... Дегенмен, мұны қызметтік борышы болып табылатындықтан жақсылықты басқаларға қарағанда жиі жасайтын адамдар бар... Олардың бізге әрдайым көмекке келіп, біз олардың есімдерін білетініміз қандай жақсы. Себебі олар жануарлардың бізге жасаған жақсылығын біз үшін қайтарып жатқан іспеттес!

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі