Ақтөбе облысында 122 бас мал қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды

Ақтөбе облысында 122 бас мал қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды

2023 жылғы 10 наурызда Ақтөбе облысы ТЖД 112 пультіне Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінен 6 километр жерде Ойыл өзенінің ортасында «Даулет» шаруашылығына қарасты жылқы, сиыр малдары қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына құтқарушылар, техникалар мен моторлы қайық жіберілді.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 12 бас жылқы, 110 бас сиыр құтқарылып, қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі