Атырау облысында 6 адам құтқарылды

Атырау облысында 6 адам құтқарылды

9 наурыз күні сағат 16:15-те Атырау облысы Мақат ауданы,  Мақат кентінен «Білеулі ата» учаскесіне бағыт алған жеңіл автокөлік батпақты жерге батып, шыға алмай қалғандығы туралы шақырту түсті.

Мақат аудандық ТЖБ қызметкерлері Мақат кентінен 10 км қашықтықта батпақты жерге батқан автокөліктегі адамдарды эвакуациялап, батпақққа батқан жеңіл автокөлікті шығару жұмыстарын жүргізді.

Құтқарылған 3 адамның жағдайлары қалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ 10 наурыз күні сағат 01:04-те Атырау қаласы Жұмыскер кентінің маңында Жайық өзені бетінде мұз ойылып,  1 адамның мұзға түсіп кеткені туралы құтқарушыларға шақырту түсті.

Жайық өзені жағасында түнгі уақытта балық аулап отырған 2 адам көмек сұраған дыбысты естіп, мұз ойылып, құлап кеткен адамды көреді. Дереу құтқарушыларға шақырту беріп, мұз астына құлап кеткен адамды құтқаруға кіріседі. Көмек сұраған азаматты қайыққа мінгізіп, өздері қайық үстінде мұз ортасында қалады. Енді қайықта 3 адам үшін болғандықтан балықшылардың қолдан жасалған қайығының аударылып кету қаупі туады.        Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жетіп, мұз үстінде қайықта отырған 3 адамды құтқару жұмыстарына кіріседі. Құтқарушылар қайыққа құтқару арқанын лақтырып, қайықты жағаға сүйреп, адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізді.

Зардап шеккен азамат шамамен 35-40 жас шамасындағы ер адам, және алғашқы болып құтқаруға тырысқан 2 азамат 103 қызметкерлеріне тапсырылды. Жағдайлары қалыпты.

Авариялық - құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Ауа - райының жылынуына байланысты Жайық өзені бетіндегі мұз еріп, бүгінде адам өміріне аса қауіп тудыруда. Осыған байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңыз сұраймыз.

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы