Қостанай облысының Түйемойнақ ауылындағы су басу жедел жойылды

Қостанай облысының Түйемойнақ ауылындағы су басу жедел жойылды

Қардың белсенді еруіне байланысты еріген су Қостанай облысының оңтүстігіндегі егістіктерден келді. Жангелдин ауданындағы Түйемойнақ ауылы су басу аймағында қалды. Бұл ауылдың жүзге жуық тұрғыны бар.

Қостанай облысы ТЖД ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Асхат Кущегулов ауылдың шетінде, ойпатта еріген қар суы жиналып, үш аула аумағын су басу қаупі туындағанын, олардың бірі тұрғын емес екенін хабарлады.

Жангелдин құтқарушылары, жергілікті атқарушы органдар мен ауыл тұрғындары су тасқынын жою үшін УАЗ автомашинасы мен тракторды тарта отырып, траншеялар қазып, еріген қар суын мотопомпамен сорып шығарды.

Су басу қаупі келесі күнге дейін жойылды. Бірлескен күш жігердің арқасында суды ауылдан жедел бұруға мүмкіндік туды

Бірінші наурыздан бастап Қостанай облысы азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесі жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. 25 наурыздан бастап облыстық, қалалық және аудандық су тасқынына қарсы штабтар құрылады.

Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда жалпы саны 2959 адам, 1078 бірлік техника, 108 жүзу құралы және 267 мотопомпасы бар облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының топтамасы құрылды.

 

 

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы