Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығы өршіп тұр. Наурыз қарлы болды. Жолдарды тазарту жалғасуда,тазалау жұмыстары қатты желдің әсерінен қиындайды. Құтқарушылар да қолайсыз ауа-райының қиындықтарына тап болады. Бұл күндері олар күшейтілген режимде жұмыс істейді, кептеліп қалған жүргізушілерге көмектеседі, тоқтап қалған автокөліктерді сүйрейді, Азаматтарды елді мекендерге эвакуациялайды.
Авариялық-құтқару қызметтерінің алдына адамдардың қаза болуына жол бермеуге және төтенше жағдайлардан келтірілген залалды азайтуға бағытталған алдын алу шараларының кешенін жүргізу міндеттері қойылды.
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында кезекші тәулікте Қостанай облысы ТЖД бөлімшелері Науырзым, Қамысты, Қарасу аудандарының аумағында 4 авариялық-құтқару операциясын жүргізді. 24 адам құтқарылды, оның ішінде 8 бала.
ТЖ салдарын жоюға 10 қызметкер мен 4 бірлік арнайы техника қатысты.
Жергілікті жерлерде барлығы 4 уақытша блок-бекеттердің, ТЖД (4 адам л/с, 2 бірлік техника), ПД (5 адам л/с, 4 бірлік техника) кезекшілігі ұйымдастырылды, 160 орынға 4 жылыту пункті дайындалды. Автокөліктің жиналуы жоқ.
Ауа-райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: қолайсыз ауа-райында жолға шықпаңыз. Өміріңізге қауіп төндірмеңіз!
Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы