Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылындағы аула аумақтарын су басу туралы ақпарат

Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылындағы аула аумақтарын су басу туралы ақпарат

2023 жылғы 5 наурыз күні сағат 18.46-да Алматы облысы ТЖД Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында температураның (+12 градус) жоғарылауына және Ақөзек ауылының солтүстік бөлігінен құрғақ арна арқылы ауыл ішімен өтетін құрғақ арна бойындағы таулардың баурайынан еріген судың түсуіне байланысты қардың қарқынды еруі салдарынан Қонаев қаласы Ақөзек ауылынан оңтүстікке қарай, құрғақ арнадағы су деңгейі көтерілгендіктен құбырлы өткелдер кіретін су көлеміне төтеп бере алмады, соның салдарынан көшелер мен жеке тұрғын үйлердің 6 аула аумағы су астында қалғаны хабарлама келіп түсті. ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен инженерлік техниканы (3 экскаватор және 2 тиегіш) пайдалана отырып, қолда бар құбырлы өткелдерге параллель қосымша төгу арналарын төсеу әдісімен еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілді.

ТЖ департаментінің 10 қызметкері, 2 бірлік техникасы, 2 мотопомпасы және жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды. 2023 жылғы 6 наурыз күні сағат 7:00-де су ағыны төмендеді, елді мекендер арқылы су транзиттік режимде өтуде.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі