Су тасқынына қарсы іс-шара — тұрғындар және аумақтың қауіпсіздігінің кепілі

Су тасқынына қарсы іс-шара  — тұрғындар  және аумақтың қауіпсіздігінің кепілі

Су тасқынына қарсы ауқымды акция шеңберінде  Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және барлық қатысушылар тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде 35 ардагер, 214 зейнеткер, 54 жалғызбасты  қарт адам, 145 мүмкіндігі шектеулі адам мен 136 көп балалы отбасы үйлерінің аула аумағынан қар шығарып, аулаларының айналасын қардан тазалауға  көмек көрсетті. Нәтижесінде 713 аула қардан тазартылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі