ТЖМ ескертеді: БАЛАЛАРДЫ ЕРЕСЕК АДАМДАРДЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР!

ТЖМ ескертеді: БАЛАЛАРДЫ ЕРЕСЕК АДАМДАРДЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР!

2023 жылғы 4 наурыз күні сағат 18-00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округі Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылы туылған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туылған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған, үйге жақын маңда өзен бар екен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Балалардың қауіпсіздігіне көп көңіл бөліп, балаларға қауіпсіздік шаралары туралы айтуды ұсынамыз. 18 жасқа толмаған балаларға үйден өз бетімен, ересек адамдарсыз шығуға болмайтынын да ескертіңіздер.

 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі