Ақтөбе облысындағы өткен тәулікте жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары

Ақтөбе облысындағы өткен тәулікте жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары

Өткен тәулікте ауа райының нашарлауына байланысты құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде қар құрсауынан 9 адам құтқарылып, 106 адам эвуакацияланды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, Ақтөбе облысының 7 елді мекенінде 15 жеңіл және 366 жүк көлігі, 7 жолаушылар автобусы жолда қалды. Қазіргі уақытта көліктер кептелісі жоқ, жолаушылар өз бағыттары бойынша жолға шықты.

2023 жылғы 3 наурыз күні 112 құтқару қызметіне  «Самара-Шымкент» тас жолының 968 шақырымында жолдың жабылуына байланысты 106 жолаушысы бар 2 автобус тұрып қалып, жолаушыларды эвакуациялауға көмек қажет екені туралы ақпарат келіп түсті.

Құтқарушылар 106 Өзбекстан азаматын Әйтеке би ауылының мешітіне орналастырды.

Сол күні Мұғалжар ауданының орталығынан 60 шақырым қашықтықта 24 жастағы жүкті келіншекті денсаулығына байланысты Қандыағаш қаласында жеткізуге көмек қажеттігі туралы ақпарат келіп түсті.

Құтқарушылар әйел адамды Қандыағаш қаласының ауруханасына жеткізді.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.

    

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі