Юрий Ильин: «Қазақстандық құтқарушылар әрқашан көмекке келеді»

Юрий Ильин: «Қазақстандық құтқарушылар әрқашан көмекке келеді»

Бүгін ТЖ министрі Юрий Ильин Алматыда сапары барысында Түркиядағы жер сілкінісі салдарын жою жұмыстарына қатысып елімізге оралған құтқарушыларды марапаттады. Марапаттау рәсімі  Республикалық жедел-құтқару жасағының базасында өтті. Жалпы 60-тан астам қызметкер марапатталды, оның ішінде мемлекеттік наградалар, ҚР Президентінің Алғыс хаттары, сондай-ақ ведомстволық наградалар-медальдар мен төсбелгілер табыс етілді.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы бұған дейін де  1999 жылы жедел-құтқару тобы мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Дегирмендер қаласына барып, көмек көрсетті, адамдарды үйінділер астынан шығарып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапсырды.  Сол кезде топты қазіргі ҚР ТЖМ ардагері Валерий Петров басқарды. Бүгінгі таңда жұмыс істеп жүрген құтқарушыларды марапаттау рәсімінде ол мұндай операцияларға қатысу кәсіби борыш екенін атап өтті. Шынында да, 24 жыл бұрынғыдай, Қазақстан халқы Түркияға жер сілкінісінің салдарын жоюға кеткен құтқарушыларға қолдау көрсетті.

ТЖ министрі Юрий Ильин Республикалық жедел-құтқару жасағы жеке құрамының алдында сөйлеген сөзінде оларды Түркия азаматтары ғана емес, отандастарымыз да мақтан тұтып, қызметерін жоғары бағалағанын атап өтті.

«Сіздер Мемлекет басшысы алдымызға қойған тапсырманы абыроймен орындадыңыздар. Біздің азаматтарымыздың бұл бағасы бүгінгі күні қызметкерлерге мемлекеттік награда түрінде берілуде, барлы қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталады. Бейбіт уақытта да ерлік жасалады, ал сіздер бұл ерлікті  күн сайын адам өмірін құтқару кезінде жасайсыздар. Біздің ТЖМ бөлімшелеріміздің негізгі міндеті  мұқтаж жандарға уақытында көмекке келу. Осы міндетті абыроймен атқарып жүрген сіздерге тағы да үлкен рахмет», - деді Юрий Ильин. «Мен бүгін бізбен бірге жұмыс істеп жатқан ардагерлерімізге де алғыс айтамын, олар әрқашан сіздерге бағыт-беріп келеді», - деді ол.

Министр Түркиядағы Республикалық жедел-құтқару жасағы құтұарушыларының, Апаттар медицинасы орталығы медицина қызметкерлерінің жедел және үйлесімді жұмысын атап өтіп, Түркия Республикасында олар құтқарушыларды одан әрі даярлауда ескерілетін орасан зор тәжірибе алғанын атап өтті. «Мен құтқарушыларға, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлеріне, мемлекеттік материалдық резервт қызметкерлеріне, әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне, түрік және сирия халқына гуманитарлық көмек жеткізуге жұмсаған жедел жұмыс үшін, қызметкерлеріміздің туған-туыстарына моральдық қолдау көрсеткендері үшін ризашылығымды білдіремін. Ең бастысы, сіздер жырақта жүріп, өз кәсіби міндеттеріңізді орындап, елге аман-есен оралдыңыздар!».

ҚР Президентінің алғыс хаттары, сондай-ақ ведомстволық наградалар-медальдар мен төсбелгілер Түркиядағы жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан барлық құтқарушыларға табыс етілді. Құтқарушы иттер де назардан тыс қалған жоқ. Олардың құтқару операциясына қосқан үлесі де маңызды болды. Түркияда құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды құтқарып, 88 адамның денесін шығарды. Олар күн сайын тәулігіне 16 сағаттан жұмыс істеді. Қазақстанда білім алуға және тәжірибе жинауға дайын түрік әріптестері олардың жұмысына тәнті болды.

Азаматтық қорғау ардагері-генерал-майор Петров Валерий Викторовичтің үндеуі

         Құрметті әріптестер-құтқарушы мырзалар!  Сіздер маңызды еңбек атқарып келдіңіздер. Мен үшін сіздер батырсыздар, өйткені жер сілкінісі ошағында жұмыс істеу-бұл бейбіт уақытта бұрынғыдан да жоғары қауіп-қатермен байланысты.  Әрине, Түркия Республикасында жұмыс жүргізу кезінде сіздер батылдық, батырлық табандылық пен жауынгерлік қабілеттілікті көрсетіп қана қоймай, тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де авариялық - құтқару жұмыстарын жүзеге асыратынын көрсеттіңіздер. Бұл Мемлекет басшысының осы процестердің барлығына берген бағасы.

Мемлекеттік материалдық резерві халықаралық деңгейде сұранысқа да ие болғанын айтқым келеді, олар да бұл тапсырманы жоғары деңгейде орындады. Медицина бейбіт уақытта да қажет екені түсінікті, бірақ зардап шеккен Түркия азаматтары әсіресе медициналық көмекке мұқтаж болды, бұл істе Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де бұл тапсырманы жоғары деңгейде орындады.