Абай облысында қар құрсауында автокөліктер қалды

Абай облысында қар құрсауында автокөліктер қалды

2023 жылғы 2 наурызынан 3 наурызына қараған түні Бұлақ ауылының ауданындағы «Семей – Өскемен» автожолының тас жолында адамдар шамамен 20-30 көлік қар құрсауында қалып қойғаны және адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Шүлбі кентінің 6-ӨСБ қызметкерлері КУНГ автокөлігімен шықты.

Шақыру орнына келгеннен кейін трассада қар құрсауында 14 жүк және 11 жеңіл автокөлік,1 газель, 1 эвакуатор болғанын анықталды. Азаматтар эвакуациядан бас тартты.

Жол қызметтері жолдарды тазалап, көліктерді қар құрсауынан босатты. Халықты эвакуациялау қажеттігі болмады.

5 жеңіл автокөлікпен 10 адам Бұлақ ауылына өздері жетіп, Бұлақ ауылының ЖОББМ жылыту пунктінде орналасты.

3 наурыз күні таңертең Жарма ауданында Қалбатау ауылына жетпей жолаушылар автобусы қарда тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Салонда 35 адам және 1 жүргізуші бар. Эвакуация қажет. Оқиға орнына Қалбатау ауылының 14-ӨСБ қызметкерлері КУНГ автокөлігімен шықты.

Оқиға орнына келгеннен кейін 70 жүк көлігі мен 10 жеңіл автокөлік, сондай-ақ 1 жолаушылар автобусы қар құрсауында болғаны анықталды.

Жол қызметтері жолдарды тазалап, көліктерді босатты. Халықтың эвакуациясы қажет болмады.

Облыстың автожолдарында барлығы 84 жүк және 21 жеңіл автокөлік, 1 газель, 1 эвакуатор және 36 жолаушылары бар 1 автобус қар құрсауында қалды.

Абай облысының ТЖД-дан құтқару операциясын жүргізуге жеке құрамнан 8 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Дауыл туралы ескертуді және автомобиль жолдарындағы қозғалысының шектеуіне қарамастан, халық алыс қашықтыққа барудан бас тартқан жоқ.

Абай облысының ТЖД жүргізушілерге автомобильдің жарамдылығын мұқият тексеріп, автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалауды қажеттігін ескертеді. Дауыл туралы ескертулер алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлаған кезде, әсіресе кішкентай балалармен, елді мекендерден тыс жерлерге және алыс қашықтыққа саяхаттаудан бас тартуды сұрайды.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі