Бәйдібек ауданында жоғалып кеткен аңшыны іздестіру жұмыстары тынымсыз жалғауда

Бәйдібек ауданында жоғалып кеткен аңшыны іздестіру жұмыстары тынымсыз жалғауда

Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні сағат 22:30-да Бәйдібек ауданының өрт сөндіру бөлімінің 101 байланыс телефонына Бәйдібек ауданы, Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде, Арыстанды өзенінің жағалауы сағасының бойында 1 азаматтың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткенде Бәйдібек ауданы, Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде, Арыстанды өзенінің жағалауы (қамыс) сағасының бойында 1 аңшы адам жоғалғаны анықталды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 80 қызметкер, 7 бірлік техника, 3 жүзу құралы, 1 ұшу құралы, Полиция департаментінен 8 қызметкер, жергілікті атқарушы органдардан 5 қызметкер және жергілікті тұрғындар 60 адам және 1 ұшу құралы жұмылдырылды. 

Жоғалған ер адам 24.02 сағат 22-30-да аңшылық кезінде жоғалып кеткен (серігінің айтуы бойынша соңғы рет 24 ақпан күні сағат 22-30-да хабарласып, қамыс алқабында адасып қалғанын хабарлаған).

Ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) көмегімен 45 км шақырымдай жерге әуеден шолу жұмыстары жүргізілді.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Балық аулау және аң аулау мезгілі келіп жетпегендіктен, аң аулау және балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтамау салдары қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін. Сол себепті, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына аң аулау және балық аулауға шықпауларыңызды, қауіпсіздік ережелерін естен шығармауларыңызды ескертеді.

Қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, “101” немесе “112” нөміріне хабарласыңыз.

Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз!

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі