Шығыс Қазақстанда мұз кептелісін болдырмау үшін өзендерде жарылыс жұмыстары басталды

Шығыс Қазақстанда мұз кептелісін болдырмау үшін өзендерде жарылыс жұмыстары басталды

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында ШҚО-да өзендерде жарылыс жұмыстары басталды.  Облыс бойынша мұз кептелісі мен бітелуі мүмкін 4 ауданда 16 осал учаске анықталды, олар Ертіс, Уба, Бұқтырма және Күршім өзендерінде орналасқан. Наурыз айында барлық учаскелерде өзен арналарын тазарту бойынша профилактикалық жұмыстар жоспарланған.

"Біз профилактикалық жұмысты Шемонаиха ауданынан бастадық, мұнда Уба өзені елді мекендерге ерекше қауіп төндіреді, осыған байланысты Верх-Уба, Убинка ауылдарында, Шемонаиха қаласында және Усть-Таловка поселкесінде профилактикалық жарылыстар жүргізіледі.

Бүгін Верх-Уба және Убинка ауылдарында мұз ұсақталды. Мұнда өзендегі мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін, ұсақтау алаңы 19400 шаршы метрді құрады", - деді ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Елран Балтабаев.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап облыс аумағында су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді.

Жағдай қиындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күштері мен құралдарының топтамасы құрылды, олардың саны 1 719 адам, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралдары және 224 мотопомпалар.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі