Өткен тәулікте Ақтөбе облысында қар құрсауынан 128 адам эвакуацияланды

Өткен тәулікте Ақтөбе облысында қар құрсауынан 128 адам эвакуацияланды

2023 жылғы 1 наурыз күні 112 құтқару қызметіне Қарғалы және Хромтау аудандарында автокөліктер қар құрсауында қалып қойғаны туралы ақпарат келіп түсті. Құтқарушылар қар қүрсауынан 13 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, автокөліктерді шығарды.

Сол күні сағат 22-57-де 112 құтқару қызметіне «Самара-Шымент» тас жолының 968 км жолдың жабылуына байланысты 115 жолаушысы бар «SETRA»  маркалы автокөліктер жолда тұрып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына барған құтқарушылар 55 адамды Қарабұтақ ауылдық мешітіне, 60 адамды Қарабұтақ ауылдық мектеп спорт залына эвакуациялап орналастырды.

Ақтөбе облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуға және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

 

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі