Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

Азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, төтенше жағдайларды болдырмау және орын ала қалған жағдайда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін дағдылау мақсатында жыл сайын Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.

Наурыз айында өңірлерде жаппай ашық есік күндері, семинарлар, викториналар, конкурстар, халықтың әртүрлі санаттарымен, оның ішінде барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінде үлгілік оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізілетін болады.

Дәстүр бойынша, 1-ші наурызда барлық өңірлерде сиреналар мен дауыс-зорайтқыш құрылғыларын қоса отырып «Баршаның назарына!» дабылы беріледі.

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын белгілі бір ұранмен өтеді. Биылғы жылы  «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұраны кездейсоқ таңдалмады. Соңғы уақытта смартфондарға жүктелген мобильді қосымшалар халық арасында кеңінен қолданылады.

ТЖМ өз жұмысында «Darmen» мобильді қосымшасын белсенді пайдаланады, ол халықты тегін хабарлау сервисін қамтиды, трассалардың ашылуы/жабылуы, мектептердегі сабақтардың тоқтатылуы, дауылды ескертулер және т.б. туралы жедел хабарлама алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Darmen» қосымшасына «Азаматтық қорғаныс» қосымшасы біріктірілген, ол сізге қауіпсіз жүріп-тұру, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ережелерімен түсінікті жадынамалар мен нұсқаулар түрінде танысуға мүмкіндік береді.

Халықты ақпараттандыру мақсатында қазіргі уақытта мобильді қосымшалардың басқа да платформалары пайдаланылады, мысалы, 2 ГАЖ (2ГИС), онда төтенше жағдайлар кезінде халықты жинау-эвакуациялау және қабылдау-эвакуациялау бекеттері, суға шомылуға тыйым салынған және рұқсат берілген орындар туралы мәліметтерде  орналастырылған (Алматы Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарын қоспағанда).

ТЖМ-мен ақпараттық технологияларын қолданумен қатар халыққа және басқару органдарының мамандарына қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету бойынша дәстүрлі форматтада жұмыс жүргізілуде.

2022 жылы елімізде әртүрлі санаттағы 14 мыңнан астам тыңдаушы оқытылды және 83 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді, 4 млн.- нан астам көрнекі оқу материалдары шығарылды, 3 мыңға жуық бейнероликтер әзірленді, қауіпсіздік тақырыбына 2 мыңнан астам билбордтар жасалды, олар  ТЖМ-і мен аумақтық бөлімшелерінің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған. Сондай-ақ, 22 мыңнан астам білім беру ұйымдарында 1,6 млн. оқушыны қамти отырып, 9 мыңға жуық интерактивті сабақ өткізілді.

2022 жылы апаттық жағдайлар тақырыбына 16 мыңға жуық жаттығу өткізілді. Сейсмикалық қауіпті аумақтарда 27 мыңнан астам жаттығулар өткізілді.

ТЖМ өз қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру үшін ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Азаматтық қорғаныс айлығы аясында азаматтарымызды үйде немесе қоршаған ортада болсын, өзінің және жақындарының қауіпсіздігіне кепіл болатын қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын үйренуге шақырамыз.

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті