Қостанай облысының жолдарындағы жағдай туралы

Қостанай облысының жолдарындағы жағдай туралы

2023 жылдың  28 ақпанында Қостанай облысының Меңдіқара, Әулиекөл және Қарасу аудандарында ауа райының нашарлауына (боран, көрінудің шектелуі) және автожол қозғалысының жабылуына байланысты автожолдарда Әулиекөл және Октябрь ауылдарынан шығу бөлігінде 41 жеңіл, 123 жүк автокөлігінің жиналуы байқалады.

ТЖД күшімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көлік жиналған жерлерден 2 жылыту пунктіне, атап айтқанда Қарасу ауданы Октябрьское және Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының мектептеріне 14 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланып орналастырылды.

Республикалық маңызы бар жолдардың 2 учаскесінде, облыстық маңызы бар 14 учаскеде қозғалыс жабық күйінде қалып отыр.

Ұялы байланыс операторлары арқылы ауа-райының нашарлауы туралы SMS-хабарламалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы алдын ала жіберілді.

Жалпы жергілікті жерлерде ТЖД  мен ЖПҚ 44 қызметкері және 18 бірлік техникасы 18 блок бекетте кезекшілік ұйымдастырды, 823 төсек-орынға 21 жылыту пункті дайындалды.

Облыстық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасында полицияны, әкімдікті, жол қызметтерін тарта отырып, облыстық жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.

 

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі