Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторлары 34 мыңнан астам бұзушылықты анықтады

Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторлары 34 мыңнан астам бұзушылықты анықтады

2023 жылғы 27 ақпанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2022 жылғы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау-қадағалау қызметінің қорытындылары туралы» баспасөз конференциясы өтті. Спикер ретінде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов сөз сөйледі.

«Қазіргі уақытта Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 10 мыңға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын қадағалануда, олардың құрамында 200 мыңнан астам қауіпті өндірістік объектілер бар. Бақылау-қадағалау қызметі шеңберінде 2022 жылы авариялар мен оқиғаларды алдын алу мақсатында 2 450 тексеру жүргізілді, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша 1 355 тексеру және 1 095 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижесінде 38 277 обьект тексерілді»,- деп атап өтті комитет төрағасы.

Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 34 617 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылық анықталды, 254 млн.теңгеден астам сомаға 1 708 әкімшілік айыппұл салынды.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін туғызатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 733 қауіпті өндірістік объект тоқтатылды.

Спикер өз сөзінде биылғы жылы ерекше тәртіп бойынша тексерулер заң жүзінде алынып тасталғанын атап өтті. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға бақылау функциясы берілген.

Қорытындылай келе, Нығмеджан Мақажанов өндірістік объектілердегі қауіпсіздікті және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқықтық тәртіпті нығайту бойынша тұрақты жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Спикер өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бизнестің, қоғамның және мемлекеттің ортақ дел және бірлескен жауапкершілік аймағы болып табылады.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі