Алматы облысының құтқарушылары балалары бар әйел адамдарды құтқарды

Алматы облысының құтқарушылары балалары бар әйел адамдарды құтқарды

2023 жылғы 26 ақпанда Алматы облысы ТЖД Қонаев қ. Қонаев жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарынан кейін жұмыс орнына қайтып келе жатқанда оларды Қонаев-Бақанас тас жолында Митцубиси Галант автомашинасының жүргізушісі тоқтатты. Ол Бақанас ауылына барар жолда Малайсары асуында жаңбыр мен қар астында жолда тұрған 2009, 2012, 2020 және 2021 жылы туған төрт баласымен 1984 және 1991 жылы туған екі әйелді көлікке отырғызып алғанын хабарлады. Басқа такси жүргізушісі оларды межелі жерге жеткізбегені және осындай қолайсыз ауа-райы кезінде жолда қалдырып кеткені анықталды.

Құтқарушылар арнайы көлікпен әйел адамдарды балаларымен алып кетіп, түнейтін жер мен тамақ берді. Олар таңертең  аман-есен үйлеріне жетті.

Құтқарылған адамдар ТЖ департаментінің қызметкерлеріне көрсеткен көмек үшін алғыс білдірді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі